- Барлық ақпарат
Елімізде жаңа энергетикалық көліктердің жылдық өндірісі алғаш рет 10 миллионнан асты
14 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығынан алған мәліметінше, еліміздің жыл сайынғы жаңа энергетикалық көліктер өндірісі алғаш рет 10 миллион данадан асып, жыл сайын 10 миллион жаңа энергетикалық көлік шығаруға қол жеткізген әлемдегі бірінші ел болды. Статистика көрсеткендей, 2013 жыл Қытайдың жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы статистикалық жүйеге енгізілген бірінші жыл болатын, ол жылғы өндіріс небәрі 18 000 дана еді.
2018 жылға келгенде еліміздің жыл сайынғы жаңа энергетикалық көліктер шығаруы миллионға жетті. 2022 жылы жылдық өндіріс көлемі 5 миллион көліктен асты. Қазіргі уақытта, жыл соңына дейін бір жарым ай қалғанда, еліміздің жаңа энергетикалық көлік өндірісі алғаш рет 10 миллион дана көрсеткішке жетіп, өткен жылғы толық жылдық өндіріс 9 миллион 587 мың дана көлік өндірісінен 4,3% артты.
Мамандар бұл сан жыл соңына дейін 12 миллион көліктен асады деп болжап отыр.
people.cn © People's Daily Online