Қытай мен Қазақстан арасындағы Қорғас арқылы туристік алмасу бір жылда 123%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қорғас кеденінен алған ақпаратқа сәйкес: 2023 жылғы 10 қарашада Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визасыз келісімнің ресми күшіне енген бір жыл ішінде Қорғас портындағы кірген және кеткен жолаушылар саны 1,32 миллионға жетіп, өткен бір жылмен салыстырғанда 123%-ға өсті.

Биыл - Қытайдағы Қазақстан туристік жылы, өзара визадан босату саясаты жүзеге асырылғандықтан, Қытай мен Қазақстан арасында өз көлігімен саяхаттау, топтық тур және саяхаттың басқа түрлері бойынша туристік алмасулар барған сайын жанданып келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото