Қытайдың 15-ші Халықаралық әуе-ғарыш көрмесі кезіндегі келісімшарт құны 280 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың 15-ші халықаралық әуе-ғарыш көрмесі 17 қарашада Гуандунның Чжухай қаласында аяқталды.

Ұйымдастыру комитетінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, алты күнге созылған көрме барысында 47 ел мен аймақтан барлығы 1 022 компания көрмеге қатысып, 261 ұшақ пен 248 жерүсті техникасын көрсетіп, 247 конференция, форум, қол қою рәсімдері, іскерлік келіссөздер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылып, шамамен 590 000 келуші тартылды.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Қытайдың 16-шы әуе-ғарыш көрмесі 2026 жылдың 10-15 қарашасы аралығында Гуандунның Чжухай қаласында өтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото