- Барлық ақпарат
Қытай-Орталық Азия құбыры арқылы 500 миллиард текше метрден астам табиғи газ тасымалданды
19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ұлттық құбыр желісі тобының мәліметінше, 18 қарашадағы жағдай бойынша Қытай-Орталық Азия табиғи газ құбыры арқылы Қытайға жеткізілген табиғи газдың жиынтық көлемі 500 миллиард текше метрден асты.
Орталық Азия табиғи газ құбыры батыста Түркіменстан мен Өзбекстан шекарасынан басталып, Өзбекстанның орталығы мен Қазақстанның оңтүстігінен өтіп, Қытайдың Шыңжаңындағы Қорғас порты арқылы елге кіреді. «Қорғас» компрессорлық станциясы мен Батыс газын шығысқа тасымалдаудың екінші және үшінші газ құбырларына қосылады. Бұл еліміздегі құрлықтан енгізілген алғашқы трансұлттық табиғи газ энергия арнасы. Құбыр 27 өлке, автономиялық регион, қалаларға және Сянган арнайы әкімшілік регионына тасымалданады. Осылайша, бұл сала 500 миллионнан астам тұрғынды газбен қамтамасыз етіп отыр.
people.cn © People's Daily Online