- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Кедейлікпен күресу – мен орындауға бел буған үлкен оқиға
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қараша
21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен G20 елдері басшыларының 19-ыншы саммитіне қатысып, маңызды баяндама жасады.
«Мен Қытайда ауылдарда, аудандарда, қалаларда, өлкелерде және орталық үкіметте жұмыс істедім. Кедейлікті жою - менің жұмысымның маңызды бөлігі және мен жүзеге асыруға бел байлаған үлкен оқиға», - деді Си Цзиньпин.
Төрағаның айтуынша, Қытайдың кедейлікпен күресу процесі төзімділік, табандылық және күрес рухымен дамушы елдердегі кедейлік мәселесін шешуге болатынын көрсетеді.
«Қытай табысқа жетсе, басқа дамушы елдер де табысқа жете алады. Бұл Қытайдың кедейлікпен күрестегі табысты жеңісінің жаһандық маңызы», - деді ҚХР Төрағасы.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online