Қорғас, Шыңжаң: туристік кіріс рекордтық көрсеткішке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визадан босату туралы келісім күшіне енген бір жылдан бері екі ел азаматтарының алмасуы барған сайын жиілей түсті. Статистикаға сүйенсек, биылғы жылдың 19 қарашасындағы жағдай бойынша Қорғас жалпы саны 9 миллион 857 мың туристі қабылдаған. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,11 пайызға артқан. Туризмнен түскен табыс 7 миллиард 160 миллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға артып, рекордтық көрсеткішке жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото