Биыл он айда Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 20,5 пайызға артты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 қараша

21 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Үрімжі кеденінен алған ақпаратына сәйкес, биылдың алғашқы 10 айында Шыңжаңның негізгі сауда серіктесі болып табылатын Қазақстанға импорт-экспортының көлемі өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға өсіп, жалпы импорт-экспорт көлемінің 38,1%-ын құрады.

Статистикаға сүйенсек, Шыңжаң мен Орталық Азия елдері арасындағы импорт және экспорт сауда көлемі 9,2 пайызға өсті.

Биылдың алғашқы 10 айында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының көлемі 362 миллиард 790 миллион юань болып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға артып, өсу қарқыны бойынша елде бірінші орынға шықты. Оның ішінде Шыңжаңның сыртқы сауда экспорты 308,29 миллиард юань болып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 28,9 пайызға артты; импорт 54,5 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға өсті.

Шыңжаң ұлттық еркін сауда пилоттық аймағы сыртқы сауданың өсуінің маңызды қозғаушы күшіне айналып, бүкіл Шыңжаңның сыртқы саудасының 40,2 пайызын құрады. Осы жылдың 10 айында пилоттық еркін сауда аймағының сыртқы сауда импорты мен экспортының көлемі 145,7 миллиард юаньға жетті.

Мәліметтер Шыңжаңның механикалық және электротехникалық өнімдер экспортының 45,4 пайызға өскенін көрсетеді. Сонымен қатар Шыңжаңның металл рудалары мен астық импорты айтарлықтай өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото