«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қараша

«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы «Еуразия» кинофестивалінің ерекше оқиғасы болмақ. Бұл туралы фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова айтты деп жақды Қазақстандық БАҚ.

Спикердің сөзінше, фестивальдің ең басты шаралараның бірі — Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады.

Диана Әшімова, картинаны көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.

Еске салайық, халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2024 жылдың 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото