Қытай 25 елмен визадан толық босатуды және 29 елмен біржақты визадан босатуды енгізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші қарашаның 22-сі күні таңертең Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі өткізген брифингтен алған ақпаратына сәйкес, биылдың басынан бері Қытай алты елмен, соның ішінде Сингапур, Таиланд, Қазақстан, Антигуа және Барбуда, Грузия, Соломон аралдарымен визадан босату туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта жалпы 25 елмен толық визасыз мәртебеге қол жеткізді.

Сонымен қатар Қытай кейбір басқа елдердің тәжірибесін ұстанып, Франция мен Германияны қоса алғанда, 29 ел үшін біржақты визасыз саясатты жүзеге асырды.

Осы уақытқа дейін Қытай 157 елмен және аймақпен әртүрлі төлқұжат түрлерін қамтитын өзара визадан босату туралы келісімдер жасады. Сонымен қатар шетелдіктер транзиттік визадан босату және круиздік визадан босату мүмкіндіктерін және Хайнань аралы сияқты белгілі бір аймақтарға барудың визасыз саясатын пайдаланып, Қытайға туризм немесе іскерлік қызметті жүзеге асыра алады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото