Шыңжаңда көмір технологиясын зерттеу мен дамытуға бағытталған Тяньшань зертханасы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қараша

25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Көмір саласы бойынша Шыңжаңдағы алғашқы зертхана - Тяньшань зертханасы ашылды.

Тяньшань зертханасын Қытай инженерлік академиясының академигі Пэн Супиннің командасы басқарады және Шыңжаң инженерлік институтының, Шыңжаң университетінің және Санжы колледжінің құрылысына сүйенеді. Шыңжаңның көмір ресурстарының артықшылықтары мен орналасу артықшылықтарына сүйене отырып, Тяньшань зертханасы Шыңжаңның көмір өнеркәсібін дамытуда кездесетін негізгі ғылыми-технологиялық мәселелерге назар аударып, қауіпсіз, интеллектуалды көмір өндіру, көмірді таза, тиімді өңдеу және кәдеге жарату, көмірқышқыл газын геологиялық сақтау мен тұзды су өндіруді үйлестіру сынды көмір өндіру саласындағы негізгі технологиялық зерттеулер мен инженерияға назар аударады.

Шыңжаң көмір ресурстарына бай. Табиғи ресурстар министрлігінің статистикасына сәйкес, Шыңжаңның болжамды көмір қоры 2,19 триллион тонна және оның болжамды қоры елдің жалпы көлемінің шамамен 40%-ына жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото