- Барлық ақпарат
Сауда министрлігі: АҚШ-тың әдісі - «адам құқығының» атын жамылып, экономикалық қысым көрсету
27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ жуырда қытайлық 29 компанияны аталмыш «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке салуға жол бермеу туралы заңның» субъектілер тізіміне енгізгені туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Сауда министрлігінің өкілі 26 қарашада АҚШ-тың бұл іс-әрекетінің еш негізі жоқ екенін, бұл «адам құқығының» атын жамылып, экономикалық қысым көрсетудің классикалық әрекеті екенін айтты. Қытай мұны қатаң айыптайды және үзілді-кесілді қарсылық танытып, АҚШ-қа қатаң мәлімдеме жасады. Қытай өз кәсіпорындарының заңды құқықтары мен мүдделерін батыл қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Баспасөз хатшысы Қытайдың мәжбүрлі еңбекке үзілді-кесілді қарсы екенін және Шыңжаңда аталмыш «мәжбүрлі еңбек» дегеннің мүлдем жоқ екенін айтты. Ешқандай нақты дәлелсіз және өздерінің ішкі заңнамасына сүйеніп, АҚШ Қытай компанияларына Шыңжаңнан материалдар сатып алғаны немесе Шыңжаңнан жұмысшылар алғаны үшін санкция жасады, бұл Шыңжаң халқының негізгі адам құқықтарын елеулі түрде бұзғаны деп саналады. Тиісті компаниялардың заңды құқықтары мен мүдделеріне және жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болып табылады.
Біз АҚШ-ты саяси айла-шарғылар мен қаралау шабуылдарын дереу тоқтатуға және қытайлық компанияларға негізсіз кедергі келтіруін тоқтатуға шақырамыз.
people.cn © People's Daily Online