- Барлық ақпарат
Қытайдың майлы бояулы сурет ауылы
27 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Дафен май бояулы кескіндеме ауылы бұрын әйгілі майлы суреттер көшірмелерін салудың ірі экспорттаушысы болған. Ал қазір Дафен ауылына ат басын бұрсаңыз, алдыңыздан майлы картиналарды сатып алуға ұсыныс емес, туристерді суретшінің жетекшілігімен майлы бояулы суреттерді салып көруге шақырады. Бұл өнер ауылында сонымен қатар суретшілердің шебер қолынан шыққан майлы бояулы суреттерден басқа да сатылатын бұйымдар бар. Соның ішінде керамика, каллиграфия, боялған желдеткіштер және т.б. бар. Ал кейбіреулері осы сурет ауылында тікелей эфирде студиялар ашады.
Соңғы жылдары өнерді жалғастырып әйгілі суреттерді көшіріп салумен қатар, көп суретші өзіндік шығармашылық жолына түсіп, өз стилінде туындыларды қыл қаламмен сала бастады.
Дафен ауылы мен жергілікті суретшілер «Қытайда жасалғаннан» «Қытайда тапқырлағанға» дейін сандық өзгерістен сапалық өзгерістерге көшіп жатыр. Бұл даму тенденциясы көз жауын алатын көптеген май бояулы суретте көрініс тапты.
people.cn © People's Daily Online