- Барлық ақпарат
Қытай 2035 жылға дейін Beidou жүйесінің келесі буын құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 28 қараша
28 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қарашада тілшінің Beidou жерсеріктік навигация жүйесі құрылысының 30 жылдығына арналған симпозиумнан алған ақпаратына сәйкес, келешекте Beidou-3 жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету негізінде Қытай озық технологиямен, қуатты функциямен және сапалы қызметтермен жабдықталған Beidou жүйесінің жаңа буынын құрастырады. 2025 жылға қарай Beidou жүйесінің келесі буынының негізгі технологиялық зерттеулерін аяқтау жоспарланып отыр. Шамамен 2027 жылға қарай үш пилоттық сынақ жерсерігін ұшырып, келесі буынның жаңа технологиялық жүйе сынақтарын өткізеді. Шамамен 2029 жылы Beidou жүйесінің келесі буынының желілік спутниктерін ұшырып, 2035 жылы Beidou жүйесінің келесі буыны құрылысын аяқтайды.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online