2025 жылы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнайды экспортқа тасымалдауға тарифтері көтеріледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қараша

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 150 теңгеге 1000 км-ге 1 тоннаға 11 300 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) арттырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан басқа, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге тарифтері өзгереді.

Атап айтқанда, «Мақат» мұнай айдау станциясындағы мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 152,73 теңгеге ұлғайып, 2 436 теңгені құрайды.

Кеңқияқ бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қызметке тариф 402,5 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 740 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

Атасу бас мұнай айдау станциясындағы мұнайды «Атасу - Алашанькоу» мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 93,87 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 380 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото