2030 жылға қарай Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын такси қызметі пайдаланылмақ

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қараша

2030 жылға қарай Қытайда 100 мыңға жуық ұшатын электронды аппараттар (eVTOL) отбасылық көлік немесе әуе таксиі ретінде пайдаланылады. Мұндай болжам Қытайдың экономиканы зерттеумен байланысты альянс есебінде айтылған, деп хабарлайды Kazinform.

Мәліметтерге сәйкес, алдағы 2-3 жылдың ішінде Қытайдың ірі қалаларында eVTOL көлікке арналған желі мен оған қызмет көрсететін орындардың құрылысы аяқталмақ.

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшатын автокөлік зауыты салынып жатыр.

Зауытта «Құрлықтағы авиатасымалдағыш» үлгісіндегі ұшатын көлікке арналған модульдер шығаратын болады. Зауыт жылына 10 мыңға дейін көлік шығармақ.

Ұшатын модельдің алдын ала сатылымы 2024 жылдың соңында басталады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото