Қытай 2031 жылы Марстан топырақ үлгілерін алуды жоспарлап отыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 қараша

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай «Тяньвэнь-3» миссиясы аясында Марс топырағының үлгілерін алып, оларды шамамен 2031 жылы Жерге қайтаруға ниетті.

Қытайдың алыс ғарышты зерттеу зертханасының негізгі ғылыми мақсаты — Қызыл ғаламшардағы тіршілік белгілерін іздеу.

«Тяньвэнь-3» екі ұшырылымы шамамен 2028 жылға жоспарланған. Бұл миссияның мақсаты — Марсқа қону, үлгілерді жинау және оларды кешенді опреациялардың бірі кезінде қайтару. Бұл жағдайда қону алаңы да сынама алу алаңына айналады.

«Тяньвэнь-3» миссиясы халықаралық ынтымақтастық аясында әзірленген пайдалы жүкті тасымалдайды және Қытай Марс топырағы үлгілері мен анықтау деректері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдармен ынтымақтасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото