- Барлық ақпарат
Қытай-Қазақстан шекарасындағы Жеменей портынан кіріп-шыққандар саны 100 мыңнан асты
2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 29 қарашадағы жағдай бойынша Жеменей шекарасынан кіріп-шыққандардың саны 2024 жылы 100 000-нан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 250%-ға артты. Олардың ішінде шыққандардың саны 50 000-нан асса, ал кіргендердің саны да 50 000-нан асты. Бір күнде ең көбі 700-ден астам адам кіріп-шыққан.
Жеменей порты Қытай, Қазақстан, Ресей және Моңғолияның шекараласқан жерінде орналасқан. Бірегей географиялық шарт-жағдайы және кедендік рәсімдеуге қолайлы тамаша ортасы бар. Еліміздің визасыз «достар шеңбері» кеңейіп, порт нысандары жақсартылған сайын, Жеменей порты бірте-бірте Қытай мен Қазақстан азаматтары үшін іскерлік, отбасылық сапарлар және трансшекаралық сауда үшін қолайлы транзиттік пунктке айналды.
Биылдың 10 қарашасында Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара визадан босату туралы келісімнің күшіне енгеніне бір жыл толды. Бір жылдан бері Жеменей портында Қазақстанға барып-келетін халықаралық жолаушылар көлігінің саны 2500-ден асты, ал кіріп-шыққан жолаушылар саны 110 мыңнан астамға жетіп, өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда тиісінше 389% және 309% өсті. Осы қолайлы саясаттың арқасында Қытай мен Қазақстан арасында қатынайтын халықаралық жолаушылар көліктері Жеменей портындағы ең қарбалас халықаралық жолаушылар көлігіне айналды.
people.cn © People's Daily Online