Сычуань өлкесі ҚКП комитетінің хатшысы Қазақстан Сыртқы істер министрімен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сычуань өлкесі ҚКП комитетінің хатшысы Ван Сяохуэй Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесу өткізді.

Тараптар Қытай мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ жоғары технологиялар, қаржы, инвестиция және жасыл энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Фото:Сычуань халық үкіметі

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото