Қазақстанның Мемлекет басшысы Чжан Сяоды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 желтоқсан

Қазақстанның Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті деп жазды Ақорда.

Әңгімелесу барысында ҚР Президенті Қазақстан мен Қытайды ғасырларға ұласқан берік достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзара сенім мен құрметке негізделген тиімді ынтымақтастықтың нығаюына екі тарап та үлес қосып келеді.

Қазақстан Мемлекет басшысы Чжан Сяодың қазақ-қытай достығын табысты дамытуға, мемлекетаралық байланыстарды тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалап, II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото