- Барлық ақпарат
Биылғы жылдың алғашқы он айында Шыңжаңның Санжы облысы сыртқы сауда импорт-экспортының жалпы құны 26 пайызға өсті
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 3 желтоқсан
3 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 2 желтоқсанда Санжы Хуэй автономиялық облысы сауда бюросынан хабарлауынша, биылғы жылдың қаңтар-қазан аралығында Санжы облысының сыртқы сауда импорты мен экспорты тұрақты әрі оң нәтиже көрсеткен. Сала бойынша 70 сыртқы сауда кәсіпорнының жалпы импорт-экспорттық құны 8,47 млрд болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайзға өскен. Оның ішінде экспорт көлемі 6 миллиард 820 миллион юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6 пайызға артқан. Импорт 1 миллиард 650 миллион юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 пайызға артқан.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online