- Барлық ақпарат
Sany Renewable Energy-дің Қазақстандағы өндірістік базасы ресми түрде іске қосылды
4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Іске қосылу рәсіміне ҚР Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, «Самұрық» қазына директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қытайдың Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй, Sany Renewable Energy Co.,Ltd төрағасы Чжоу Фугуи және басқа да қонақтар қатысып, сөз сөйледі.
Sany Renewable Energy компаниясының Қазақстандағы жел электр жабдықтарын шығаратын базасы Қазақстанның Жамбыл облысы Шу қаласындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Базалық парк бірінші болып «жасыл ғимараттар, жасыл технология, жасыл материалдар, жасыл жабдықтар және көміртекті бейтарап зауыттар» деген ұғымды жобалық негіз ретінде қабылдап, «жасыл, қауіпсіз, экологиялық таза және энергияны үнемдеп, өндіріс шығынын азайтып, пайданы арттыруға» қол жеткізеді.
people.cn © People's Daily Online