- Барлық ақпарат
Қытайдың әуе жүктерінің көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай азаматтық авиация басқармасының қызметкері Шан Кэцзя халықаралық әуе тасымалының үздіксіз өсуіне байланысты Қытайдың әуе жүктерінің көлемі тарихтағы рекордтық деңгейге жеткенін айтты.
Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында еліміздің азаматтық әуе жүктері мен пошта тасымалының көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 19,3 пайызға артып, 7,298 миллион тоннаға жетті.
Оның ішінде халықаралық бағыттар 2,932 млн тоннаны құрап, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,5%-ға өсті.
Өткен аптаны мысалға алсақ, азаматтық авиацияның орташа тәуліктік жүк рейсі 752-ні құрады, оның ішінде 498 халықаралық жүк рейсі, бұл көрсеткіштер бір жылмен салыстырғанда сәйкесінше 70,9%-ға және 100,4%-ға өсті.
«Еліміз өнеркәсіптерінің түрленіп, жаңаруы, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысының кеңеюі, сонымен бірге трансшекаралық электронды сауда сияқты жаңа бизнес нысандарын қарқынды дамыту авиациялық логистиканың сирек кездесетін тарихи мүмкіндігі болды», - дейді Шан Кэцзя.
people.cn © People's Daily Online