Циндао портының толық автоматтандырылған терминалы тиеу және түсіру тиімділігі бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 4 желтоқсан

4 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2 желтоқсанда Шаньдун портындағы Циндао портының автоматтандырылған терминалында көпір кранының орташа бір машина жұмысының тиімділігі сағатына 60,6 табиғи қорапқа жетіп, автоматтандырылған терминалды тиеу және түсіру тиімділігі бойынша он бірінші рет әлемдік рекорд орнатты.

Биылдың басынан бері Шаньдун Порт Циндао портының автоматтандырылған терминалы технологиялық инновацияларды арттыруды және қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін үздіксіз жақсартуды жалғастырды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда терминал жұмысының тиімділігі 6%-ға, түсіру-тиеу қабілеті 15%-ға артты. Контейнерді түсіру-тиеу қабілеттілігі 43 күн бұрын өткен жылғы жалпы көрсеткіштен асып түсті.

Жақында автоматтандырылған терминал дербес әзірлеген интеллектуалды басқару жүйесінің жаңа буыны сәтті жаңартылып, қос кранмен автоматты тиеу сияқты жеті негізгі технологиялық инновациялар іске асырылды. Жұмыс тиімділігі былтырмен салыстырғанда 6,3%-ға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото