Қытайдың Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитеті харбинде өтетін қысқы азия ойындарына дайындық аясында кездесу өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 желтоқсан

4 желтоқсанда Астанада Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, және 2025 жылғы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындарының ресми серіктесі Geely бренді өкілдерінің кездесуі өтті деп жазды olympic.kz.

Тараптар 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX Қысқы Азия ойындарына дайындық және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қытай елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Цзян Пэн спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, осындай деңгейдегі спорттық шаралардың елдер арасындағы достық қатынастарды дамытуға ықпал ететінін айтты.

“Жақында Харбинде Қысқы Азия ойындары басталады, бұл Қазақстан құрамасы үшін Олимпиада алдындағы кезең болмақ. Біз Азия ойындары ең жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз, себебі Қытай көптеген жылдар бойы ірі халықаралық іс-шараларды мінсіз ұйымдастырушы ретінде өз беделін дәлелдеп келеді.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындары, жазғы және қысқы Азия ойындары, сондай-ақ басқа да ауқымды шаралар Қытайдың спорт арқылы адамдарды біріктіретін ұмытылмас атмосфера жасау қабілетін көрсетті”, - деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото