Қытайда алғашқы қашықтан жасалған бір қолды бір портты роботтық хирургия Лхасада сәтті аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 желтоқсан

5 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сычуань университетінің Хуаси екінші ауруханасының акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры Чжэн Ин Чэнду қаласындағы қашықтан басқару жүйесі арқылы Сицзанның Лхаса қаласындағы гинекологиялық науқасқа бір қолды бір портты робот арқылы толық гистерэктомия операциясын сәтті орындады. Бұл әлемдегі алғашқы бір қолды бір портты робот арқылы қашықтан жасалған операция.

Дәрігер мен науқастың қашықтығы шамамен 2000 шақырым болды және операция 3000 метр биіктікте орындалды. Операция 90 минутқа созылып, екі жақты желі кідірісі небәрі 40 миллисекунд болды.

Бұл операцияда қолданылған Jingfeng бір қолды бір портты лапароскопиялық хирургиялық робот Қытайда толығымен тәуелсіз әзірленген жоғары сапалы медициналық құрылғы, бұл сонымен қатар Қытайда сатуға рұқсат етілген жалғыз бір қолды хирургиялық робот. Өнімділік параметрлері бойынша ол халықаралық жетекші деңгейге жетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото