- Барлық ақпарат
Қытай Шыңжаңдағы «мәжбүрлі еңбек» деп аталатын жаланы терістеді
(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 желтоқсан
6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Линь Цзянь 5 қыркүйек күні Шыңжаңда аталмыш «мәжбүрлі еңбектің» жоқтығын, Қытай үкіметі әрқашан мәжбүрлі еңбекке үзілді-кесілді қарсы болып, қатаң түрде жазалайтынын жеткізді.
BBC-дің тексеру есебінде британдық супермаркеттерде сатылатын кейбір қызанақ пастасы құрамында Шыңжаңнан әкелінген қызанақ болуы мүмкін және ол «мәжбүрлі еңбектің» өнімі деген болжамдар көрсетілген.
Линь Цзянь: «Шыңжаңның қызанағы Шыңжаң мақтасы сияқты әлемге әйгілі жоғары сапалы өнім. Оларды егуден жинауға дейінгі жұмыс негізінен толық механикаландырылған. Машинамен жинау көрсеткіші сәйкесінше 90% және 85%-дан асады. Ендеше мұнда қалай «мәжбүрлі еңбек» болады?», - деді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online