- Барлық ақпарат
Еліміз Солтүстік-Шығыс Қытайдағы қар-мұз экономикасын дамытудың жоспарын жасады
6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Еліміз Солтүстік-Шығыс өңіріндегі қар-мұз ресурстары артықшылқтарын даму нәтижелеріне түрлендіруге жәрдемдесу үшін «Солтүстік-Шығыс өңіріндегі қар-мұз экономикасын жоғары сапалы дамытуға жәрдемдесу және жан-жақты жандандыруға көмектесіп, жаңа серпілістерге қол жеткізу жөніндегі іске асыру жоспарын» шығарды. Іске асыру мерзімі 2027 жылға дейін жалғасады.
«Жоспар» Хэйлунцзян өлкесінің Харбин қаласындағы 72 сағаттық транзиттік визасыз саясатты 144 сағаттық транзиттік визасыз саясатқа оңтайландыру мен өзгертуді нақты қолдайды, Солтүстік-Шығыстағы транзиттік визасыз саясаттың байланысын зерттеп әрі ілгерлетіп, сол арқылы ел іші мен сыртындағы туристерді тартады.
«Жоспарда» көрсетілгендей, жергілікті орындар өздерінің нақтылы жағдайларына қарап, қар-мұз туризмін тұтынуды ынталандыру бойынша нақты шараларды енгізуге, жергілікті қар-мұз күндері мен ерекше мерекелерді белгілеуді зерттеуге қолдау көрсетеді.
people.cn © People's Daily Online