Шэньчжэньде «Гуанмин ғылым қалашығы форумы·2024» ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 желтоқсан

6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 5 желтоқсанда Шэньчжэньдегі Гуанмин аумағында «Гуанмин ғылым қалашығы форумы·2024» ашылды. Синтетикалық биологияны зерттеу қондырғылары, миды талдау және миды симуляциялау қондырғылары сияқты бірқатар инновациялық жетістіктер мен ұсыныстар ресми түрде жарияланды. Форумда отандық және шетелдік зияткерлік ресурс, ғылым мен техника, білім мен өндіріс саласындағы тұлғалар ғылым мен техниканың озық даму тенденцияларын талқылау үшін бас қосты.

Бұл форум «1+1+7+1» үлгісін қабылдайды, оның ішінде 1 ашылу салтанаты, 1 пленарлық отырыс, 7 параллель форум және 1 сапар мен алмасу іс-шарасы жоспарланған. Форум негізгі орыннан басқа, Гуанмин ғылым қалашығы мен Сянганда бірнеше басқосулар құрды.

Ынтымақтастықты жариялау рәсімінде «Хетао Шэньчжэнь-Гонконг ғылыми-технологиялық инновациялық ынтымақтастық аймағының Шэньчжэнь саябағы мен Гуанмин ғылым қалашығы арасындағы байланыс механизмі» жарияланды.

Форумда еліміздің биоөндіріс саласында алғашқы ұлттық деңгейдегі индустриялық инновациялық платформасы ретінде өткен жылдың шілде айында құруға мақұлданған Ұлттық биоөндіріс индустриясының инновациялық орталығы ресми түрде ашылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото