Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты портынан трансшекаралық турға өз көліктерімен баруға болатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 желтоқсан
Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты портынан трансшекаралық турға өз көліктерімен баруға болатын болды

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 6 желтоқсан күні Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты портынан трансшекаралық турға өз көліктерімен баратын тур ашылды.

Сол күні таңертең өз көліктерімен саяхаттайтын 50 адам 15 көлікпен Бақты портында шетелге шығу рәсімдерінен өтіп, ел шекарасынан шығып, Қазақстанға бет алды.

Өз көліктерімен саяхаттайтын команда Бақты порты арқылы Қазақстанның Алакөл, Алматы қаласы және басқа да жерлерді аралайды. Олар 6 күннен кейін Қорғас порты арқылы елге оралады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото