Си Цзиньпин шекара аймақтарын басқаруға және жоғары сапалы дамытуға жәрдемдесу керектігін атап көрсетті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 желтоқсан

11 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин шекаралық аймақтарды басқару қызметін жан-жақты нығайту және шекаралық аймақтарды жоғары сапалы дамытуға жәрдемдесу қажеттігін атап өтті.

Си Цзиньпин 9 желтоқсан күні Қытай Коммунистік Партиясы Саяси бюросының ұжымдық зерттеуіне төрағалық ету кезінде, шекаралық аймақтарды басқару жүйесі мен басқару мүмкіндіктерін модернизациялауға жәрдемдесу Қытайды модернизациялаудың ажырамас бөлігі екенін айтты. Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің шекар аймақтарын басқару жөніндегі әр тарапты шешімдер мен орналастыруларды жүзеге асырып, оларды басқарудың әрбір қадамын жан-жақты әрі кәсіби жақсы атқарып, шекара маңындағы аймақтардың жоғары сапалы дамуына ықпал етуді атап көрсетті.

Төраға «Қытайды модернизациялау жолында бірде-бір шекара маңындағы аймақтар артта қалмауы керек», - деді.

Ел басы реформа мен ашық есік саясатын жүзеге асыру арқылы өміршеңдікті жалғасты арттыруды, теңіз жағалауы мен шекараның артықшылықтарын толық пайдалануды, әртараптандырылған және жоғары деңгейлі ашық аумақты құруды жалғастыруды талап етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото