- Барлық ақпарат
Қазақстанда 2024 жылы тұрғын үй құрылысы рекордтық көрсеткішке жетті
Биыл Қазақстанда құрылыс көлемі ұлғайып, баспаналы болған азаматтардың қатары артты, деп хабарлайды 24KZ.
ҚР Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін жаңадан 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойған. «Бұл міндет жүйелі негізде және кезең-кезеңмен орындалуға тиіс», – деді Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов. Үкімет құрылыс секторын одан әрі ынталандыру мақсатында қосымша шаралар қабылдады.
Биыл Қазақстанда 18 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтереді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 44%-ке жоғары және құрылыс саласындағы рекорд саналады. 11 айда өңірлерде 16,3 млн шаршы метр үй салынды. Жыл соңына дейін тағы 1,7 млн шаршы метрі тапсырылады. Биыл баспана құрылысына қаржыландырудың барлық көзі есебінен 965 млрд теңге қарастырылған. Бұл 160 мыңнан астам тұрғынның қоныстойын тойлауына мүмкіндік береді.
people.cn © People's Daily Online