Қазақстанда Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 13 желтоқсан

Астанадан Бурабайға жаңа брендтелген пойыз қатынайды. 13 желтоқсанда пойыз салтанатты түрде іске қосылады, деп хабарлады Sputnik.

Пойызға қазақстандық ЗИКСТО зауытында шығарылған вагондар тіркеледі. Вагондар ыңғайлы саяхатқа қажетті құралдармен жабдықталған:

● заманауи кондиционер жүйесі,

● лифт,

● мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар,

● экологиялық таза дәретхана.

Пойыз Нұрлы Жол және Астана станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты 2 сағат 26 минутты құрайды. Билет құны: Нұрлы Жол станциясынан – 2770 теңге, Астана станциясынан – 2548 теңге.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото