- Барлық ақпарат
Қытайдың Иу қаласы халықаралық сауда реформасының жаңа кезеңін бастайды
13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың шығысындағы «әлемдік супермаркет» деп аталатын және Қытайдағы трансшекаралық электронды коммерция платформаларының ірі жеткізушісі Иу қаласы реформалардың жаңа кезеңін бастайды. 12 желтоқсан күні жарияланған хабарламаға сәйкес, Қытайдың Мемлекеттік Кеңесі Чжэцзян өлкесінің халықаралық сауданы жан-жақты реформалауды тереңдетудің жалпы жоспарын бекітті.
Құжатта Иудің негізгі салалар мен маңызды буындарда реформалауды тереңдетуі үшін қолдау көрсетілетіні және ең алдымен нарықтық сатып алулар мен сауда әдістерін жетілдіруге, импорттық сауданың инновациялары мен дамуына ықпал етуге, кешенді еркін сауда аймақтарының функцияларын толық пайдалануға, сондай-ақ трансшекаралық электронды коммерция ережелерін жетілдіруге және терең институционалдық механизм мәселелерін шешуге ұмтылатыны көрсетілген.
Құжатта «Бір белдеу, бір жол» бойындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететіні, Қытай-Еуропа пойыздарының жоғары сапалы дамуына инновациялар енгізіп, қолдайтыны, еліміздегі сауданың даму жолын өзгертетіні, саудада құдыретті ел құру құрылысын тездетуді іздеу тәжирибелерін жеделдететіні, ішкі және халықаралық нарықтарды кеңейтуге, ішкі және халықаралық қос циклды сауда іркіліксіздігіне көбірек үлес қосатыны көрсетілген.
Кедендік мәліметтерге сәйкес, биылдың алғашқы 10 айында Иу импорты мен экспорты 18,3% өсті. Бұл өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 560,16 миллиард юаньға (шамамен 77 миллиард АҚШ доллары) жетті.
Иу трансшекаралық электронды коммерция мен цифрлық саудаға баса назар аудара отырып, «әлемнен сатып алатын, және әлемге сататын» қала ретінде белгілі. Иу Жаһандық цифрлық сауда орталығы жеткізілім тізбегі, логистика және нарық сияқты сауданың негізгі элементтерін жақсарту үшін жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды пайдаланады. Нарық бөлігін 2025 жылдың қазан айында сынақ ретінде ашуды жоспарлап отыр.
people.cn © People's Daily Online