Ван И Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысы Чжан Минмен және жаңа Бас Хатшы Н.Ермекбаевпен кездесті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсанда Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қазіргі Бас Хатшысы Чжан Минмен және жаңа Бас Хатшы лауазымына тағайындалған Н.Ермекбаевпен кездесті.

Ван И БАС Хатшы Чжан Минге ШЫҰ-ның дамуында жеткен ерекше жетістіктері үшін ризашылығын білдіріп, Н.Ермекбаевты жаңа қызметімен құттықтады. Ван И соңғы үш жылда ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының бастамасымен және мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерімен ШЫҰ ынтымақтастығы сапасын жақсарту мен жетілдіруде қомақты жетістіктерге жеткенін және әлеуеті жағынан одан әрі өркендеуде екенін айтты. «ҚЫТАЙ ШЫҰ-ның кезекті төрағасы, әр тарапты міндеттерді алға жылжыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының жарқын болашағына толық сенеміз»,- деді Ван И.

Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын дамытудағы жетекші рөлін жоғары бағалап, Қытай төрағалығының жұмысына жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото