Алматы халықаралық әуежайында Авиация мұражайы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 желтоқсан

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әуежайының халықаралық терминалында Авиация мұражайы ашылды деп жазды ҚазАқпарат.

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе әуежайды басқарып отырған компания Қазақстанның тарихи және әлеуметтік-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға үлес қосуға ұмтылатынын айтты.

- Біз бұл мұражайды Қазақстан халқына, сондай-ақ Алматы тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тарту ретінде мақтанышпен ұсынамыз, - деді ол.

Мұражай 1947 жылдан бастап әлемдік қайраткерлер мен саяхатшылар үшін Қазақстанның басты «қақпасы» болған ескі VIP-терминалдың тарихын баяндайды. Мұражай экспозициясында маңызды оқиғалар мен сәулет ерекшеліктерін көрсететін сирек архивтік фотосуреттер, интерактивті экспонаттар және басқа да қызықты материалдар ұсынылған. Мұражай әуежайдың барлық қонақтары үшін ашық.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото