ҚР Президенті халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді»-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото