- Барлық ақпарат
Қытайда жел мен күн энергиясын пайдалану деңгейі аса жоғары
16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Ұлттық Энергетикалық Басқармасының 15 желтоқсанда жариялаған мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың соңына қарай Қытайда орнатылған жел қуаты шамамен 510 миллион киловатт, ал орнатылған фотоэлектрлік қуат шамамен 840 миллион киловатт болып, пайдалану деңгейі 95% - дан жоғарылады.
2023 жылы елдегі жел энергиясын пайдаланудың орташа көрсеткіші 97,3%, фотоэлектрлік энергияны пайдаланудың орташа көрсеткіші 98%-ға жетті. Ал жел және күн энергиясын өндіру қуаты 1,43 трлн киловатт-сағатты құрайды. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы Қытай қала-ауыл тұрғындарының электр энергиясын тұтынуынан (1,35 трлн киловатт-сағат) асып түседі. Аталған деңгей бүкіл қоғамның электр энергиясын тұтынуының шамамен 15,8%-ына жетті. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен жоғары тұр.
people.cn © People's Daily Online