Шаньдуннан Қазақстанға алғашқы TIR халықаралық көлік желісі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы демонстрациялық аймағының TIR халықаралық автомобиль көлігін құрастыру орталығынан мұздатылған жемістерге толы TIR көлігі жолға шықты. Бұл Шаньдун өлкесінен Қазақстанға алғашқы TIR халықаралық автомобиль көлігі маршрутының ресми ашылуын білдіреді.

Көлік Шыңжаңдағы Бақты порты арқылы елден шығып, шамамен 6500 шақырым жолды басып, Қазақстанның Астана қаласына жетеді. Бұл бағыт Шаньдунның жоғары сапалы мұздатылған жемістерін Орталық Азияға, тіпті Еуропа елдеріне дейін тез жеткізеді.

«Төртінші логистикалық арна» ретінде TIR тасымалы трансшекаралық бағыт үшін көп салалы және алуан түрлі логистикалық нұсқаларын ұсынады. Қазіргі уақытта Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы демонстрациялық аймағы TIR халықаралық автомобиль көлігі дәліздерінің құрылысын жеделдетуде. Осы ретте, Қытай-Ресей, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан және Қытай-Қазақстан сияқты TIR халықаралық автомобиль жол бағыттары іске қосылуда. Ал «Қытай-Ресей арнайы желісі» TIR апта сайын қалыпты жұмыс істеуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото