Қытай транзиттік визасыз саясатын жан-жақты жеңілдетіп, оңтайландырды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ұлттық иммиграция басқармасы 17 желтоқсанда мәлімдеме жасады. Соған сәйкес, бұдан былай транзиттік визасыз режимді толығымен жеңілдетеді және оңтайландырады, сондай-ақ шетелдіктердің транзиттік визасыз саясатпен елімізде тұру уақытын бастапқы 72 сағат және 144 сағаттан 240 сағатқа (10 күн) дейін ұзартады.

Сонымен қатар транзиттік визасыз жолаушылар үшін кіріп-шығатын жаңа 21 порт қосылады, сөйтіп, шетелдіктердің елімізде болу аймағы одан әрі кеңейе түсті.

Бұл саясатты өзгертудің ең үлкен ерекшелігі - транзиттік визасыз саясат арқылы шетелдіктер Қытайдың 24 өлкесіндегі (регион мен қалаларына) тұруға рұқсат етілген өлке мен аймақтарға өзара саяхаттай алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото