Қытайдың энергиямен өзін-өзі қамтамасыз етуі 2024 жылы 80%-дан жоғары деңгейді сақтады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Ұлттық энергетика басқармасынан 2024 жылы Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігі мүмкіндіктері мен жасыл және төмен көміртекті даму деңгейі одан әрі мығымданып, жетілдірілгенін, сондай-ақ энергияның өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 80%-дан жоғары болатынын білді.

Ұлттық энергетика басқармасының директоры Ван Хунчжи 2025 жылы Ұлттық энергетика басқармасы жел энергетикасының фотоэлектрлік жүйелерін дамытуға және пайдалануға белсенді түрде үлес қосатынын айтты. Жел энергетикасының фотоэлектрлік жаңа қондырғыларының белгіленген қуаты жыл бойына шамамен 200 миллион киловатт болады, ал жаңартылатын энергия көздерін тұтыну 1,1 миллиард тонна стандартты көмірден асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото