Ван И АӨСШК сыртқы істер министрлерінің жетінші отырысына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 желтоқсан
Ван И АӨСШК сыртқы істер министрлерінің жетінші отырысына қатысты

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Ван И 17 желтоқсанда бейнебайланыс арқылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің жетінші отырысына қатысты.

Ван И АӨСШК-ның негізін қалаушы мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қытай АӨСШК процесіне белсенді қатысатынын, әрқашан АӨСШК-ның дамуын қолдайтынын және оның дамуына қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Сыртқы істер министрі көптеген елдің қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, дамуға жәрдемдесуге, ынтымақтастық пен өзара тиімді жағдайға деген ұмтылысы өзекті екенін атап өтті. Сондай-ақ АӨСШК-ның бірегей рөлін толық пайдаланып, тағдыры ортақ Азия қауымдастығын құруда және өзара тиімді дамудың жаңа кеңістігін ашуда өз үлесін қосуға шақырды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото