Биылғы жылы қазақстандық тасымалдау әдістері мен маршруттары айтарлықтай жаңартылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 желтоқсан

Биыл Қазақстанда 185 локомотив және 143 жолаушылар вагоны сатып алынды. Бұл туралы ҚР үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Жол-құрылыс жұмыстарымен 12 мың шақырым жол қамтылды. Төрт негізгі автожол дәлізі – Қарағанды – Алматы (879 км), Талдықорған–Өскемен (768 км), Ақтөбе – Қандыағаш (96 км) және Атырау – Астрахань (212 км) реконструкцияланды.

«Бұдан басқа, халықаралық тасымалдау саласында шетелдік рұқсат бланкілері электронды форматқа көшірілді. Мерзімді сегіз күннен бір күнге дейінгі оңтайландыру, сондай-ақ ірі монополистердің басым құқығы тоқтатылуы нәтижесінде Өзбекстанмен рейстер саны 5 мыңнан 33 мыңға дейін, Қытаймен – 50 мыңнан 230 мыңға дейін ұлғайтылды», - дейді ведомство басшысы.

Соңғы екі жылда қоғамдық көлік паркіндегі 3 267 автобус жаңартылды.

«Сонымен қатар биыл 1 401 шақырым теміржол желісі жөндеуден өткізіліп, 185 локомотив, 1,6 мыңнан аса жүк және 143 жолаушылар вагоны сатып алынды», - дейді Мақсат Қалиақпаров.

Авиация саласында қазақстандық компаниялар 10 ұшақ сатып алып, тасымалдау сыйымдылығын 7%-ке арттыруға ықпал етті. Халықаралық әуе маршруттарының желісі 22 бағыт бойынша кеңейтілді. Алматы мен Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдардың құрылысы аяқталды, Шымкентте жұмыс аяқталу сатысында.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото