Шыңжаңдағы астық өндірісі алғаш рет елде бірінші орынға көтерілді

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 желтоқсан

18 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің автономиялық регионның Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаментінен алған ақпаратына сәйкес, 2024 жылы Шыңжаңның астық өндіру қуаты айтарлықтай артып, жылдық астық өнімділігі 7872 кг/гектарды құрады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен гектарына 1950 кг жоғары. Осылайша астық өндірісі ел тарихында алғаш рет бірінші орынға көтерілді.

Автономиялық регионның Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаменті директорының орынбасары Ли Цзинь бидай мен жүгері Шыңжаңдағы жетекші астық дақылдары болып табылатынын, олар егіс алқапбының 95% - дан астамын құрайтынын айтты. Биылғы жылы Шыңжаң бидай мен жүгері өндірісінің теңгерімді өсуіне қол жеткізді. Бұл астық өнімділігінің тиімді өсуіне ықпал етті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото