- Барлық ақпарат
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист барды
2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Астанаға 1 097 413 адам саяхаттады, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
2024 жылы туристер Астанаға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келді. 1 097 413 адамның 261 964-і немесе 23,9 пайызы – шетелдіктер.
Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркелді. Сонымен, маусымда қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Астана ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналды. Биыл Астанада «Automechanika Astana 2024», «Eurasian Book Fair», Astana Half Marathon халықаралық көрмелері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен «Comic Con» заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-інші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің концерті, «Enactus World Cup 2024» студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т. б. сияқты ірі іс-шаралар өтті.
people.cn © People's Daily Online