- Барлық ақпарат
Сайлау алқасы АҚШ-тағы президенттік сайлаудың қорытындысын растады
17 желтоқсан күні АҚШ-тың 50 штатының астаналарында сайлаушылар алқасы 2024 жылғы президенттік сайлауда сайланған президент Дональд Трамптың вице-президент Камала Харристі жеңгенін ресми түрде бекітті, деп хабарлайды Kazinform.
Нәтижесінде Дональд Трамп сайлаушылар алқасының 312 дауысын, ал Камала Харрис — 226 дауыс жинады. Сайлаушылар алқасы 538 адамнан тұрады және президент болып сайлану үшін 270 дауыстың көпшілігі қажет. Ұлттық деңгейде Дональд Трамп 77,2 млн, ал Камала Харрис 75 млн дауыс жинады.
2025 жылдың 6 қаңтарында Конгресс сайлаушылар алқасының дауыстарын санау және сайлау жеңімпазын жариялау үшін бірлескен отырыста жиналады.
Дональд Трамп пен жаңадан сайланған вице-президент Джей Ди Вэнс 2025 жылдың 20 қаңтарында түсте ант қабылдайды.
people.cn © People's Daily Online