Шетелдік 8 әмиян қолданбасы WeChat коды арқылы төлем жасай алатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 желтоқсан

19 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 17 желтоқсанда Wechat Pay және UnionPay International ынтымақтастық туралы ақпарат жариялап, шетелдік UnionPay кооперативтік әмияндарымен Қытай ішінде Wechat кодын сканерлеу арқылы төлем жасауға болатынын хабарлады. Бұл функцияны бірінші болып Таиланд, Оңтүстік Корея, Малайзия және басқа ел мен аймақтардан 8 шетелдік мекеменің әмияндарын іске қосты.

NAVER Pay сияқты сегіз шетелдік әмиянды қолданатындар Қытайға кіргеннен кейін, шетелдік әмиян қолданбасы арқылы WeChat төлем жинау кодын тікелей сканерлеп төлем жасай алады. Төлеу кезінде жергілікті валюта автоматты түрде юаньға айырбасталады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото