Алғашқы 11 айда Шыңжаңның сыртқы саудасының жалпы құны 400 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 желтоқсан

20 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 19 желтоқсан күні Үрімжі кеденінен алған мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың алғашқы 11 айында Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 403,11 миллиард юаньға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% өскен.

Алғашқы 11 айда Шыңжаңның Орталық Азияның бес еліне және АСЕАН-ға импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 6,9% және 231% артты. Қазақстан бүгінге дейін Шыңжаңның ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Ал Шыңжаңның Қазақстанға импорты мен экспорты алғашқы 11 айда сәйкес мезгілмен салыстырғанда 17,6% жоғарылады.

Айта кету керек, дәл осы кезеңде Шыңжаңның Африка, Батыс Азия, Латын Америкасы, Орталық және Шығыс Еуропа сияқты дамушы нарықтарға импорты мен экспорты айтарлықтай жоғарылап, сәйкесінше ұқсас мезгілмен салыстырғанда 238,9%, 117,2%, 190,5% және 389,9% артты.

Алғашқы 11 айда Қытайдың (Шыңжаң) пилоттық еркін сауда аймағы 162,92 миллиард юань импорт пен экспортты жүзеге асырды. Бұл сол кезеңдегі Шыңжаңның жалпы сыртқы саудасының 40,4%-ын құрады. Соның ішінде Қашқар, Қорғас, Алашанькоу, Үрімжі сияқты төрт кешенді еркін сауда аймағы импорт-экспортының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4% өсті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото