- Барлық ақпарат
Си атаға арнап «Отанды жырлау» әнін бірге шырқадық - Әмірхан Қанатов
23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» --
«Бес жұлдызды қызыл ту желбіреген,
жеңіс әні асқақ неткен,
сүйікті ұлы отанды жырлаймыз,
күннен күнге құдіреттенген...»
Жақында мен қытайша «Отанды жырлау» әнін айтқан сайын сол бір жанымды тебіренткен күн есіме түседі.
Биылдың 2 шілдесінде Си Цзиньпин ата Астанаға келген күні, мен он шақты досыммен бірге ерте әуежайдың VIP ғимаратының үлкен залына барып, атаны қарсы алдық.
Си ата VIP ғимараттың залына кіргенде, біз қытай тілінде «Отанды жырлау» әнін айта бастадық. Си ата тоқтап, күлімсіреп ән айтқанымызды тыңдады. Біз ән айта бастағанда қобалжығандықтан бірінші нотаны тым жоғары алыппыз, содан кейін біз баяулатып, дұрыс тонға оралдық. Ән біткеннен кейін Си ата қол соғып, «жақсы орындадыңдар» деп мақтады. Сол кезде ғана көңіл-күйіміз жайланды.
Сол кезде мен екі өкілдің бірі ретінде алға шығып, Си атаға қытай тілінде: «Сәлеметсіз бе, Си ата! Менің атым Әмірхан Қанатов, мен 10 жастамын. Астанаға қош келдіңіз!» - дедім. Си ата өте мейірімділікпен бізге рақмет айтып, «қытай тілінде жақсы сөйледіңдер» деп мақтады. Мен Си атаға Астанада туғанымды және өскенде Цинхуа университетінде оқығым келетінін айттым. Си ата өте қуанды. Ол бізді болашақта жақсы университетке түсуге шабыттандырып, «Қытайға барып, университет оқуларыңды қарсы аламыз!» - деді. Мен көпшілік атынан Си атаға: «Рақмет, Си ата! Біз сізді жақсы көреміз!» дедім.
Си атамен болған бұл қысқа, бірақ ұмытылмас сәт сол күні біз қатарлы барлық балапанның мақтанышына айналды. Әуежайдағы сол оқиғаны әлі де толқып, еске аламын. Си ата - үлкен елдің көшбасшысы. Мен Си атаға арнап ән айтып, ол кісімен сөйлестім. Бұл қандай мақтаныш!
Шындығында, менің Қытаймен және Си атамен арадағы байланысым бұл ғана емес. Мен 2013 жылы 22 қыркүйекте Астанада дүниеге келдім. Мен өмірге келуден жарты ай бұрын Си ата Астанада «Халық достығын насихаттап, тамаша болашақ құрайық» атты маңызды сөз сөйлеп, алғаш рет «Жібек жолы экономикалық белдеуін» бірлесіп салуды ұсыныпты. Сондай-ақ Қазақстан «Бір белдеу, бір жолды» бірге салу бастамасы ұсынылған алғашқы жер болды.
Мен 6 жасымда анам маған шет тілдерін, яғни ағылшын, испан, қытай және т.б. тілдерді үйрете бастады. Мен Қытай тілін үйренгенді ұнатамын. Аптасына 3 сағат қытай тілін үйрену - менің ең бақытты кезім. Өткен жылдың қазан айында қазақстандық жарыс аймағындағы ойыншылардың атынан мен Қытайдың Юньнань өлкесінің Куньмин қаласына үшінші «Қытай тілі көпірі» дүниежүзілік бастауыш сынып оқушыларының қытай тілі шоуына қатысуға бардым. Бұл Менің Қытайға алғашқы сапарым болды. Ұшуға жарты жыл қалғанда күн санай бастағаным есімде. Ұшаққа отырар алдында түнде қатты толқығандықтан түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Куньминде мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген достарыммен таныстым және бұрын кітаптардан және теледидардан көрген Қытай тағамдарын жедім.
Үлкендер менен «Әмірхан Қанатов, ержеткенде қандай арманың бар?» деп жиі сұрайды. Мен үнемі Си атамның аманаты есімде деп айтамын. Мен Қытайға Цинхуа университетіне оқуға түсіп, қытай тілін жақсы меңгеріп, озық ғылымды меңгеріп, еліме оралып, Қазақстан халқына пайда әкеліп, Қазақстан мен Қытай арасындағы ұлы жұмысқа өз үлесімді қосамын. Мен болашақ әлем соғыссыз, аштықсыз, кедейліксіз және әдемі әлем болады деп сенемін. Адамзат арасында бірлік, өзара көмек, махаббат болатын, бейне Си ата айтқандай, тағдыры ортақ адамзат қауымдастығы» болады, біз сол әдемі әлем үшін бірге күресуіміз керек.
(Авторы - Қазақстандағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Конфуций институтының оқушысы. Сұқбатты People ' S Daily тілшісі Чжао Ипу дайындаған).
people.cn © People's Daily Online