Харбиндегі қысқы Азиадаға Шығыс Қазақстан облысынан 15 спортшы қатысады

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 желтоқсан

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірдегі бірқатар спорт нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Сапар барысында Министр Қытайдың Харбин қаласындағы қысқы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар туралы айтты:

«Қытайдың Харбин қаласында қысқы Азия ойындары өтетіні белгілі. Қазақстан құрамасынан 6 спорт түрінен 139 спортшы қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан биатлон, тау шаңғысы, шорт-трек және шайбалы хоккей сияқты спорт түрлерінен 15 спортшы бақ сынайды», – деді Ербол Мырзабосынов.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото