- Барлық ақпарат
Еліміздегі егістік алқаптарының көлемі тағы 11,204 млн му ұлғайды
24 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы жерді өзгерту жөніндегі ұлттық сауалнаманың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, елдің егістік алқаптарының жалпы ауданы 1,929 миллиард муды құрап, тағы да 11,204 миллион му артты. Егістік алқаптардың орналасуы одан әрі оңтайландырылып, «оңтүстіктің қысқаруы мен солтүстіктің ұлғаюынан» «солтүстік-оңтүстік бірге кеңейген» жағдай қалыптасты.
Сонымен бірге, баяндамада еліміздегі егістік алқаптарының қазіргі кеңістікке таралуын әлі де оңтайландыру қажет екендігі көрсетілген. Солтүстік аймақта салыстырмалы түрде су тапшы. Бұл егіншілік су ресурстарын шамадан тыс пайдалану мен экологиялық мәселелерде жаңа қиындықтар тудырды. Қазіргі уақытта елде 25 градустан жоғары беткейлерде (сатылы атызды қоспағанда) әлі де 48 миллион му-дан астам егістік жерлер бар. Ал бұл жерлердің едәуір бөлігі өзенді, көлді, орманды алқаптарда, жайылымдық жерлерде және қорықтарда орналасқан. Біразы құмдану, шөлейттену және тастақтанудан қатты зардап шегіп отыр. Ал мұндай өңірлерді ұзақ мерзімді тұрақты пайдалану күрделі немесе тиімсіз. Алдағы кезеңде жоғарыда аталған аймақтарда орналасқан егістік жерлердің бір бөлігін біртіндеп түзету немесе жайлымға қайтару қажет.
people.cn © People's Daily Online